Фото: Shutterstock
5 ақпанда Петропавл қаласындағы мектептердің біріне 11-сынып оқушысы пневматикалық тапаншамен келіп, бастауыш сынып оқушыларының көзінше оқ атқан. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Ult.kz Криминальный Казахстан telegram арнасына сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, тәркіленген зат атыс қаруына жатпайды. Жасөспірім ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал оның заңды өкілі баланы тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылды.
Мектеп әкімшілігінің атына ұсыныс жолданды. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жалғасуда – құқық қорғау органдары оқу орны басшылығы мен күзет қызметінің әрекеттеріне құқықтық баға береді.
