24 қаң, 2026 сағат 13:44

"Рингтен тыс жерде күш қолданбаймын": Серік Сәпиев жанжалға қатысты пікір білдірді


Фото: gov.kz


Серік Сәпиев өзінің орынбасарымен болған жанжалға қатысты пікір білдірді. Олипиада чемпионы желідегі парақшасында жазба жариялап, мәселенің толық қаралып, жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.


“Мен мемлекеттік қызметкер ретінде өз міндеттерімді атқару барысында мемлекеттік қызметкердің әдеп қағидаттарын қатаң сақтаймын. Бала кезімнен бапкерлерім маған рингтен тыс жерде күш қолдануға болмайтынын үйретті. Өз мүмкіндігімді жақсы бағалаймын және әрбір іс-әрекетім үшін жауапкершілік арқалайтынымды толық түсінемін. Сондықтан қандай да бір арандатушылықтарға ермеймін. Мәселе толық қаралып, жабық деп есептеледі”, – делінген Сәпиевтің жазбасында. 



Еске салсақ, бұған дейін олимпиада чемпионы, Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиевті оның орынбасары самбодан әлем және Азия чемпионы Дәурен Есімханов соққыға жыққаны туралы жазған едік. Желіде тараған видеодан Серік Сәпивтің қолына құжат ұстап, орынбасарының кабинетіне кіргенін, кейін Есімхановтың Сәпиевті ұрып, кабинеттен шығарып жібергенін көруге болды.