17 қаз, 2022 сағат 09:39

102 жастағы шотландиялық ұзақ өмір сүруінің сырын ашты


Эдинбург тұрғыны Кристин Миллер 102 жасын атап өткен туған күнінде ұзақ өмір сүру құпиясын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы Edinburgh Live сайтына сілтеме жасап.

Зейнеткер ұзақ, бақытты әрі шытырман оқиғалы өмір сүруге саяхат көмектескенін айтты. Жас кезінде Кристин Миллер әлемді аралап, Американы, Азияны зерттеген, тіпті біраз уақыт Малайзияда тұрған.

"Жақсы көретін адамдармен бірге әлемді аралаңыз. Бір кездері Малайзия мен АҚШ-та басымнан көптеген шытырман оқиға өтті. Жаңа мәдениеттермен танысу сізді жасарта түседі. Менде көптеген бақытты естелік қалды", - дейді ол.

Миллердің ерекше мақтанышы - 100 жылдық мерейтойында ІІ Елизаветадан алған хаты.

"Ол біздің елге өмір бойы тынымсыз қызмет етті және таңғаларлық адам болды. Бұл хатты қатты қадірлеймін", - дейді Миллер.

Қазір зейнеткер қарттар үйінде тұрады. Оның ұлы анасымен бірге болу үшін Америкадан арнайы ұшып келген.