12 мам, 2024 сағат 20:39

2024 жылы жазда сәнде болатын 10 түс


Фото:burdastyle.ru

Pantone мәліметі бойынша 2024 жылдың жазында ройбуш шайы, апельсин сусыны сияқты түстер сәнде болады. Ол қандай түстер екеніне тоқтала кетейік. 


Лондон мен Нью-Йоркте өткен көктем-жаз сән апталығында биылғы жылдың жылы маусымдарында қандай түстер сәнде болатыны анықталды. 

Pantone түстер институтының мамандары биылғы сәндегі палитралар ностальгияға толы деп отыр. Сондай-ақ салауатты өмір салтына көшуге ұмтылысты білдіреді екен. Биылғы реңдер шығармашылық қауқарыңды аша түсетін, өзіңді көрсетуге ұмтылдыратын, қуанышты оятатын қабілетке ие. Сонымен бірге жайлылық пен тыныштық сыйлайтын көрінеді.

1. Ройбуш шайы / Rooibos tea

Ройбуш (немесе ройбос) — aspalathus Linearis тұқымдасына жататын оңтүстік африкалық бұталы өсімдігінен жасалған пайдалы сусын. Бұл шайдың атауы "Қызыл бұта" деп аударылады, сондықтан қызыл түсі басым, бірақ ағаштың қоңыр реңімен түс айтарлықтай жұмсарады.


2. Апельсин сусыны / Orangeade

Апельсин шырыны ашық сары болса да, "апельсин сусынының" түсі қанық апельсин реңін береді. Ондай түсте қызғылт тамшыға ұқсас рең бар екені анық көрінеді.  Кейде бұл реңді "күйдірілген апельсин"деп те аталады. Ол түс "Ройбуш шайымен" үйлескенде тіпті керемет көрінеді.


3. Су кресс / Watercress

Бұл ащы тағамға қосатын дәмдеуіш және дәрілік өсімдік. Көбінесе өзен-көл, теңіз-мұхиттың жанында, батпақта және басқа ылғалды жерлерде кездеседі. Шындығында, оның реңі Pantone палитрасына қарағанда әлдеқайда бай. Алайда, егер сіз жұмсақ, тозаң сияқты түстерді жақсы көретін болсаңыз, онда бұл түтіннің түсіндей сұр-жасыл рең сізге арналған.



4. Шөл дала гүлі / Desert Flower

Шабдалы реңі бар бұл нәзік және жылы түс Нью-Йорк палитрасындағы қызғылт түстің жалғыз нұсқасы екенін аңғару қиын емес. "Су кресс" шөлдала гүлімен үйлесімді жұп құрайды деп отыр мамандар. Шабдалы түсіне келетін бұл нәзік және жылы реңк Нью-Йорк палитрасындағы қызғылт түстің жалғыз нұсқасы. Аталған түстке "Су Кресс" тоны үйлесімді жұп ретінде көріне алады.


5. Көгілдір шамбре / Chambray Blue

Ашық және көңілді көгілдір реңк жаз аспаны мен балғын, әрі жылы жазғы кеште болатын самалмен байланыс құра алады деуге болады. Көгілдір шамбре "шөл гүлімен" немесе кез-келген тәтті пастель реңдермен толықтыра отырып, үйлестіруге болады. Немесе, керісінше, оны тыныш және байсалды түстермен, мысалы, кофе түстес қоңыр, сұр немесе бейтарап түстермен айқындауға болады.


6. Пастелді жұпаргүл / Pastel Lilac

Лаванда тұманы көзге елестейді. Егер сіз бұл тұманға сүңгіп кетсеңіз, ұртыңызға тәтті естелік дәмі келеді. "Көгілдір шамбра" сияқты "пастелді жұпаргүл" де сабырлы реңк беретін тепе-теңдікке кедергі келтірмейді, бұл оның өлшенген, жетілген көрінісін ашылуға көмектеседі.


7. Марлин / Marlin

Бұл түске аты берілген жыртқыш балық - Марлин. Ол Атлант мұхитының тропикалық және мамыражай суын мекендейді. Марлинде көк түстің ерекше композициялық реңі бейтарап болып көрінеді, содан кейін оның тереңдігін байқауға болады. Аталған палитралардың көптеген түстеріне марлин негізгі серік бола алады, бірақ дейтұрғанмен бұл түс те өзінше ерекше мазмұнға ие.


8. Лимон тамшысы / Lemon Drop

Нью-Йорк палитрасының букетіндегі тағы бір цитрус нотасы осы – лимон тамшысы. Аздап сұйылтылған, агрессивті емес сары реңк, лимон дәмінен гөрі мартини негізіндегі коктейльді еске скалады. Лимон тамшысы жаздың батыл мінезін одан бетер айқындай түсу үшін таптырмас  түстік палитра.


9. Жалбыз / Mint

Жасыл түстің жарқын ментол реңкін қалағанның бәрі бірдей қолдана алмайды. Бұл түс батыл, ашық, талғамы биік жандарға арналған. Жалбыз түсін сынап көруді шешкендер оның сергітетін әсерін де сезіне алады.


10. Капри / Capri

Тропикалық жағажайды еске түсіретін капри реңкі десе де салқын, бірақ сонымен бірге көңіл-күйді жылытады. Бұл Нью-Йорк палитрасының тағы бір жарқын рең. Шындығына келсек, бұл түспен достасу оңай емес. Бидай өңді, қара-торы жандар үшін жарасымды түс деп айтуға болады.