Фото: видеодан скриншот
Танымал абайтанушы Омар Жәлелдің екінші жұбайы «Әңгіме бар» подкастында өзінің бұрынғы күйеуіне қатысты біраз шындықты жария етті, деп хабарлайды Ult.kz.
Оның сөзінше, экс-жұбайы бір сәтте байланысын үзіп, ешқандай хабар-ошарсыз кеткен.
«Қаңтардың 31-де некелестік Омармен. Тұңғышымыз қыркүйек айында туылды. Мені алғаннан кейін ұлы үйленді. Өзі де сен құтты келін болып келдің деп айтады. Бірінші жұбайынан екі ұлы бар. Мені алғаннан кейін үйлендірді. Мен бірінші баламды көтергенде бірінші жұбайымен арамыз жақсы болмай жүрді. Баламды көтерген күннен ол кісі қатты қызғанды. Ол кісі қатты күндестік таныта бастады. «Қайдан келді сол жаққа кет, бұның аяғы ауыр емес» деп құжат, қағаздар сұрады. Күндестің күні де күндес дейді ғой. Кейіннен маған Омарға үшінші әйел алып беремін деді. Ал менің іштегі балам 6 айлық. Содан босанғанда балаңды аламын, брінші баланы бәйбішеге береді деді. Мен бермеймін баламды. Өзім Құдайдан жалынып сұрап алғанмын дедім. Кейіннен үшінші әйелді алып келді. Мен оған үйленгенін 1 айдан кейін білдім. Маған Түркияңа кет деді. Қазір мүлдем хабар жоқ ол кісіден. Балаларына да келмейді. Сотқа беріп жатырмын. Менің тағдырыммен ойнады. Бала туғызып алып қуып жіберді», — деді ол.
Оның сөзінше, балалардың жағдайы да алаңдатарлық. Ана ретінде бар жауапкершілік тек өз мойнында қалғанын айтады.
Ләззат Мырзаштың айтуынша, Омар Жәлелдің төрт әйелі және 30-дан астам баласы бар.
«Маған секс керек емес, ұрпақ керек» деп өзі айтатын» – дейді подкаст қонағы.
Сонымен қатар Ләззат Мырзаш Омар Жәлелдің басқа әйелдері де сотқа жүгінуді ойластырып жүргенін меңзеді.
