13 мам, 2022 сағат 16:00

Адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшелері Президент шешімін қолдады


Бүгін, 13 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Сарапшылар кеңесінің дөңгелек үстелі өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Іс-шара барысында елімізде жүргізіліп жатқан саяси және құқықтық реформалар талқыланды. 

Дөңгелек үстелге қатысушылар жыл басында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында ұсынған ауқымды саяси жаңғырту бағдарламасын іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл ұсыныстар «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасында көрініс тапты. 

Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшелері мен сарапшылары Мемлекет басшысының заң жобасын 5 маусымда өтетін республикалық референдумға шығару туралы шешімін бірауыздан қолдады.

Сондай-ақ дөңгелек үстелге мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ, халықаралық ұйымдардың, жоғары оқу орындары мен Қазақстанның ғылыми қоғамдастығының өкілдері қатысты.