12 там, 2016 сағат 09:30

Әділбек Ниязымбетовтың өз қарсыласын айқын басымдықпен жеңгені (Видео)

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында бокстан 81 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық Әділбек Ниязымбетов беларусь боксшысы Михаил Долголевецтен басым түскен. Үш раундтың қорытындысы бойынша жерлесіміз 3:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі.

Енді Әділбек ширек финалда әзірбайжандық Тимур Мамедовпен жолығады. Осы салмақтағы фавориттердің бірі өзбек Елшод Расулов жарыс жолынан шығып қалды.