22 сәу, 2026 сағат 11:07

Қазақстанда 701 автомектептің жұмысы тоқтатылды

Фото: ашық дереккөз

ІІМ-нің аумақтық бөлімшелері еліміздегі автомектептердің қызметіне тексеру жүргізді. Қазіргі уақытта Қазақстанда 727 автомектеп жүргізушілерді даярлайды, деп хабарлайды Ult.kz.

Тексеру барысында бірқатар заңбұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, автодромдарда жол белгілері, жол таңбалары мен жарықтандыру талапқа сай емес екені белгілі болды. Сонымен қатар кейбір оқу көліктерінің техникалық ақаулары бары анықталған.

Кемшіліктерді жою үшін 20 ұйғарым берілді. Бұдан бөлек, жүргізушілерді даярлау кезінде міндетті техникалық тексеруден өтпеген және сақтандыру полисі жоқ автокөліктерді пайдаланған 59 оқу ұйымы анықталды.

Нәтижесінде ІІМ Әкімшілік полиция комитеті 701 оқу тобының қызметін тоқтатты.

Автомектептердің есебі мен оқу топтарын тіркеу "Автомектеп" ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі. Бұл жүйе берілген куәліктердің заңдылығын, оқу бағдарламаларын және оқу көліктерін онлайн режимде тексеруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар автомектептердің қызметіне бақылауды күшейту мақсатында "Жол жүрісі туралы" заңға өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Заң жобасы автомектептерді ашуды хабарлама тәртібінен рұқсат беру тәртібіне ауыстыруды және мемлекеттік бақылауды күшейтуді көздейді. Қазіргі уақытта құжат Парламент Мәжілісінде қаралуда.