05 жел, 2025 сағат 15:57

Ақан Сатаев пен Альмира Тұрсын бірге екенін Баян Алагөзова растады

Фото: Brod.kz

Продюсер Баян Алагөзова көптен бері құпия сақталып келген Ақан Сатаев пен Альмира Тұрсынның қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды Ult.kz.

Бұл туралы ол қызы Айсәуле Бақытбектің YouTube бағдарламасында айтты.

Айсәуле анасына Қазақстандағы ең әдемі жұптар туралы сұрақ қойғанда, Баян Алагөзова Сатаев пен Тұрсынды атап өтті.

«Ақан Сатаев пен Альмира Тұрсын – керемет жұп. Оларға қараған кезде бір-біріне деген сезімдерінің шынайылығы көрініп тұрады. Сырт көзге бәрі анық байқалады», — деді продюсер.