10 қаз, 2025 сағат 09:06

Әкеге арналған туған күнге тілектер


Фото: egemen.kz

Әркім өз әкесіне жылы сөздерді, лебізді тілектерді арнап, әкесін қуантқысы келеді. Осы орайда Ult.kz әкеге арналған туған күнге тілектер жинағын ұстынады.

Мен үшін мәңгілік қорған болған асқар тау әкем, өміріңіздің әр таңы нұрға толсын, жүрегіңізде шаттық гүлі мәңгі солмасын. Деніңіз сау, көңіліңіз кең, қадамыңыз әрдайым сәтті болсын асқар тауым әкетайым менің!


Туған күніңіз құтты болсын, жанұямыздың алтын діңгегі, әкем! Жанымыздың тірегі, жүрегіміздің жылуы өзіңіз. Өміріңіз дариядай кең, әрі тұңғиық, денің қара тастайберік болсын. "Әкенің алақаны баланың панасы" дейді ғой, сол мейірімің мен ақылың бізге әрдайым жол көрсетсін. Біз сізді жықсы көреміз, асқар тау әкеміз!


Сіз отбасының асқар тауы, шаңырағымыздың берекесі мен тірегісіз. Өмір жолыңыз әрдайым жарық болып, жүрегіңізде тыныштық орнасын. Деніңіз сау, жүзіңіз жарқын, еңбегіңіздің жемісін көріп, қуанышқа кенеле беріңіз. Біз үшін сіздің амандығыңыз ең үлкен бақыт.


Өмір өзен, ал сіз сол өзеннің бастауысыз. Сіздің ақылыңыз бағыт берер шамшырақ, сабырыңыз тіршіліктің мәнін ұқтырған ұстаз. Уақыт жылжып, маусымдар ауысса да, сіздің мейіріміңіз бен даналығыңыз мәңгі өзгермейді. Деніңіз сау, жүрегіңіз тыныш, өміріңіз мағыналы да жарқын болсын. Сіз барда өмірде тұрақ, көңілде сенім бар. Туған күніңіз құтты болсын, отбасымыздың темірқазығы, тірегі, жанашыры әке!


Өмірдің мәні із қалдыру десек, сіздің ізіңіз парасат пен мейірімнің жолы. Сіздің әр сөзіңіз өмір мектебі, әр ісіңіз үлгі. Жылдар өтсе де, жүректегі әке бейнесі өзгермейді: ол тіршіліктің тепе-теңдігін сақтайтын асыл қуат. Сізге ұзақ ғұмыр, тыныш көңіл, нұрлы күндер тілеймін.

Жан жылуыңыз ешқашан сөнбесін, әке! Туған күніңіз құтты болсын, ұзақ та, бақытты ғұмыр кешіңіз!


Туған күніңіз құтты болсын, әулетіміздің алтын діңгегі, тірегі мен қорғаны, алтын әкем! Өмірдің сабағы көп, бірақ ең үлкен ұстаз өз әкем. Сіздің еңбекпен өткен ғұмырыңыз, сабыр мен парасатқа толы мінезіңіз бізге өмірдің нағыз құндылығын үйретті. Адамның байлығы жиналған дүние емес, артында қалдырған өнеге десек, сіздің байлығыңыз сол адалдық пен мейірім.

Таңдарыңыз арайлы, жүрегіңіз тыныш, өміріңіз ұзақ болсын.


Сіз өмірдің дауылында бағыт берер компас, тыныштықта терең ойға жетелер даналықтың символысыз. Сіздің әрбір кеңесіңіз жол көрсеткен жұлдыз, әрбір ісіңіз еңбек пен адалдықтың айғағы. Уақыт өз дегенін істесе де, әкенің мейірімі ескірмейді, қайта жыл өткен сайын қадірі арта түседі. Өміріңіз берекелі, көңіліңіз кең, жүрегіңіз тыныш болсын. Туған күніңізбен, асыл әкешім!