Фото: yandex.kz
Ақмола облысында тұрғындардың шағымына байланысты жол бойындағы сервистің
нашарлығы үшін бір басшы қызметтен алынды, деп хабарлайды Ult.kz.
Көлік министрлігінде өткен кеңесте жол құрылысы маусымына дайындық,
материал қоры және су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері талқыланды.
Әжетханалардың күйі халық жиі шағым айтатын басты мәселе. Тексеру кезінде
республикалық жолдар бойындағы 684 нысан қаралған, олардың 13-і мүлде жұмыс
істемейді, тағы 69-ы нашар жағдайда екені анықталды.
«ҚазАвтоЖолдың» ақпараты бойынша, Ақмола облысындағы «КАЖ-Сервис»
филиалының басшысы қызметінен босатылып, бірнеше жауапты адам бақылауды
орындамағаны үшін жазаланған.
Министрлік барлық жол бойындағы сервис нысандарын тез арада тәртіпке
келтіріп, олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, инфрақұрылымға
жауапкершілікті күшейту және қоғамдық бақылауды арттыруды тапсырды.
