Фото: rodina-history.ru
Алматыда Jan Production жекеменшік киностудиясына қатысты тергеу басталды. Бұған себеп – балаларын қомақты қаражат төлеп кастингке жіберген ата-аналардың арызы. Олар жобадағы қатысу үшін миллиондар сұралып, кейбір жобалар іске аспағанын мәлімдеген, деп хабарлайды Ult.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде студия жарнамасы кеңінен танылған: қазақстандық актерлер балаларды бірегей киножобаға шақырып, қатысушыларға киноға түсу, премьераға бару және лимузинмен серуендеу сияқты уәделер берген. Бір ата-ана тіпті 1,5 миллион теңгеге дейін сұралғанын ашық айтқан.
Алайда, студия атауымен байланысты қазақстандық актер Жан Байжанбаев компанияның иесі емес екенін және кастингтерді ұйымдастыруға қатыспағанын мәлімдеді. Ол тек актер ретінде және амбассадорлық қызмет атқарғанын айтты.
Алматы полициясы «алаяқтық» бабымен қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Қазіргі уақытта тергеушілер студия басшылығынан жауап алуда. Алдын ала мәлімет бойынша, жүзге жуық адам арыз түсіруге дайын. Егер кінә дәлелденсе, компания басшысы жеті жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда балаларға арналған онлайн-сервистерге қатысты да дау туындаған болатын.
