25 мам, 2022 сағат 17:21

Ақмолалықтар референдумды қолдады


25 мамырда "Гормолзавод" ЖШС конференц-залында Ақмола облысы бойынша референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының өкілдігі мүшелерінің өңірдің жетекші қала құраушы кәсіпорындарының бірінің еңбек ұжымымен кездесуі өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Кездесу барысында 5 маусымға тағайындалған жалпыхалықтық референдумның тақырыбын түсіндіру, сондай-ақ еліміздің Негізгі заңына енгізілетін түзетулер мен толықтырулар туралы Ақмола облысы бойынша референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабы өкілдігінің басшысы, "Ақмола облысының әкелер кеңесі" ҚБ төрағасы Ерлан Жақымұлы Закирьянов және Ақмола облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Қали Сұлтанахмедұлы Рахметов сөз сөйледі, олар алдағы оқиғаның тарихи маңыздылығын атап өтті.


Мәселен, іс-шара барысында Ақмола облысы бойынша референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының өкілдігі мүшелері 5 маусымға тағайындалған Республикалық референдумның негізгі мәселелеріне, сондай-ақ Негізгі заңға енгізілетін түзетулер мен толықтырулар туралы, атап айтқанда Президенттің өкілеттігін қысқарту, Парламент пен мәслихаттардың рөлін күшейту, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейту құқық қорғау саласын нығайту және т. б. туралы егжей-тегжейлі тоқталды. 

«Конституцияға енгізілетін түзетулер мен толықтырулар Қазақстан тарихында жаңа тарауды ашады, ал мемлекеттің саяси жүйесін қайта іске қосудың өршіл мақсаттары қоғам мен ел өміріне жан-жақты әсер етеді» - деп атап өтті спикерлер. 

Кездесу барысында кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға тиісті түсініктемелер мен жауаптар берілді.


Кездесу соңында "Гормолзавод" ЖШС ұжымы ұсынылған өзгерістерге қолдау білдіріп, 5 маусымдағы референдумға қатысуға дайындығын білдірді.

Айта кету керек, Мемлекет басшысының "2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы" Жарлығының шығуынан бастап облыста заңгерлердің, оның ішінде әділет, сот жүйесі ардагерлерінің, саясаттанушылардың, қоғам қайраткерлерінің, қоғамдық пікір көшбасшыларының және т. б. қатарынан референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының өкілдігі құрылды және жұмыс істейді. 

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде бүгінгі күні штаб 40 мың адамды қамти отырып, 1000-нан астам іс-шара өткізді.