27 қаң, 2023 сағат 20:55

Ақорда TikTok-қа тіркелді

Фото: Tengrinews.kz

TikTok әлеуметтік желісінде Ақорданың ресми аккаунты пайда болды.

Президенттің баспасөз қызметі оның шынайылығын растады. Парақша ресми аккаунт екенін дәлелдейтін "көк құсбелгісін" де алып үлгерген.

Аккаунтқа әзірге 7 мың қолданушы жазылған. Ішіндегі ең танымал видео - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Біріккен Араб Әмірліктері Президенті кездесуінен үзінділер. Бейнероликті 400 мың Желі қолданушысы көрген.