26 сәу, 2018 сағат 11:29

Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі тағайындалды

Нұргүл Мауберлинова ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс болды. Аталмыш министрліктің Ақпарат комитетіне жетекшілік еткен Нұргүл Өсербайқызы вице-министр қызметіне кірісті. Бұған дейін бұл қызметті Алан Әжібаев атқарған болатын.

Мауберлинова Нұргүл Өсербайқызы 1973 жылдың 13 қарашасында дүниеге келген.

Саран педагогикалық училищесін (1992), Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (2000), Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін (2006) тәмамдаған.

2006-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің бас сарапшысы.

2008-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Ақпараттық-талдау орталығының бас консультанты.

2012-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

2016 жылдың 18 шілдесінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының қызметіне тағайындалды.