17 нау, 2026 сағат 10:43

Электораттың 87,15%-ы жаңа Конституцияны қолдаған



Қазақстан азаматтарының 87,15%-ы жаңа Конституцияны қолдап дауыс берді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Жаңа Конституцияға қатысты референдумға 9 127 192 адам қатысқан, яғни дауыс беруге қатысу деңгейі 73,12% құрады.

жаңа Конституцияны «қолдаймын» деп дауыс берген - 7 954 667 адам , ал 898 009 адам қарсы болған.

Жарамсыз бюллетеньдер саны – 146 558, жарамды, бірақ есепке алынбағандар – 127 868. Өйткені барлық жауап нұсқалары белгіленген.

"Дауыс беруге референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі немесе 73,12 пайызы қатысқандықтан, “Сіз жобасы 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?” деген сұрақ бойынша референдум өтті деп есептелсін. Республикалық референдумға дауыс беру үшiн шығарылған жаңа Конституция қабылданды деп есептелсiн, өйткенi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екiсiнде  дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы немесе 87,15 пайызы оң шешiм қабылдады", – деп мәлімдеді Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.


Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 15 наурызды – Конституция күні деп жариялап, жазда Парламент сайлауы өтетінін хабарлады.