23 мам, 2024 сағат 15:07

Ақшаға қатысты үздік 20 қанатты сөз

Фото: ТАСС/Николай Галкин

Біздің заманымызға дейін де, қазір де адамдарды ақша көп толғандырып, жиі қызықтырады. Сондықтан да ақша туралы пікір білдірген, ой-толғанысын айтқан адамдар көп. Олардың ішінде атақты қаржыгерлер ғана емес, саясаткерлер мен өнер адамдары да жетерлік. ult.kz тілшісі солардың үздік 20 қанатты сөзін ұсынады.


"Ақша - жақсы құл,  нашар қожайын"

 Фрэнсис Бэкон

"Ақша мен уақыт көп жағдайда бірін бірі алмастыра алады"

Уинстон Черчилль

"Ақшасыз істеуге болатын жалғыз іс – қарыз алу"

Хайнц Шенк

"Ақша бақыт әкелмейді, бірақ онысыз да жап-жақсы өмір сүруге мүмкіндік береді"
Хайнц Шенк 

"Барлығына бірден қол жеткізу мүмкін емес, сондықтан азынан бастайын - ақшадан"
 Януш Васильковский

"Қолыңда түрлі игіліктің болуы - ештеңені шешпейді. Қолда бардан ләззат ала білу – бақыт"
Бомарше 

"Дауласпас бұрын санап алайық"
Готфрид Вильгельм Лейбниц

"Ақша адамды өзгертпейді де, бұзбайды. Ол тек шынайы бет бейнеңді ашады"
Бернард Шоу

"Ақша - барлық жамандықтың негізі дейді, меніңше жоқшылық туралы да дәл солай айтуға болады"
Сэмюэл Батлер

"Ақшаға қарсы ақшасыз күресуге болмайды"
Джон Стейнбек

"Ақша үшін уайымдамау – өлім үшін уайымдамаумен бірдей десе болады"
Марио Пьюзо

"Егер сізге біреу - мәселе ақшада емес десе, демек, ол сіздің мәселеңіз емес"
Билл Клинтон

"Ақшаның соңына түсудің қажеті жоқ — оның алдынан шығу керек"
Аристотель Онассис

"Ақша тезек сияқты, тастап отырмаса пайдасы жоқ"
Фрэнсис Бэкон

"Ақша мен уақыт ауыр жүк. Оларды пайдаға асыра алмаған адам - бақытсыз"
Сэмюэл Джонсон

"Ақшадан да маңызды дүниелер бар, бірақ оларды ақшасыз сатып ала алмайсың"
Проспер Мериме

"Мемелекеттің ақшасы деген - жоқ, салық төлеушілердің ақшасы деген - бар"
Маргарет Тэтчер

"Ақшаны асыра пайдаланудың көкесі - саяси билікті сатып алу"
Карл Раймунд Поппер

"Ақшада өсу қабілет бар екенін есте сақтаңыз"

Бенджамин Франклин

"Әдебиет пен өнердің де, тіпті соғыстың да негізінде ақша жатады"
Сэмюэл Батлер