17 қыр, 2021 сағат 16:44

Ақтауда жалпыұлттық бірлікке арналған республикалық лекториум өтті



Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің моделі қандай? Көпұлтты Қазақстан Республикасы оны қандай факторлармен дамытады? Ақтау қаласында осы және басқа да сұрақтардың жауабын іздеген «Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы» атты республикалық лекториум өтті, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Қалалық Достық үйінде өткен республикалық лектория аясында ішкі саясат саласы қызметкерлері мен «Қоғамдық келісім» КММ «Этносаралық қатынастарды дамыту және орта мерзімді кезеңге арналған басымдықтарды іске асыру жөніндегі комитеттің қызметі туралы» тақырыбында семинар болды.

«Қазақстан этностары интеграциясының негізгі институты ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы жетілдіріліп жатқанын баршаңыз білесіздер. Тек Қазақстан ғана емес, көп ұлт өмір сүретін кез келген мемлекет үшін маңыздысы этносаралық қатынастарды дамыту деп білемін. Қазақстан халқы Ассамблеясы осы мақсатта қыруар шаруа атқарып келеді. Ал Маңғыстау облысында этносаралық ахуал өте тұрақты екенін де атап өткім келеді. Бұл біздің өңірдің тыныштығы мен берекесі екенін мақтанышпен айтамыз», - деді ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Еркін Үйсімбаев.

Айта кетейік, Маңғыстау халқы - облыста 374,4 мыңдай адам тұрады. Бұл республика халқының 2,5%-ға жуығы. Халықтың басым бөлігін қазақтар құрайды (84,1%): қалғандары орыстар (10,5%), әзербайжандар (1,1%), украиндар (0,9%), лезгиндер (0,6%), татарлар (0,6%), армяндар (0,3%), чешендер (0,2%), корейлер (0,2%), беларусьтер (0,1%), немістер (0,1%) басқа ұлттар (1,3%). Облыс тұрғындарының 68%-ы (270,7 мың адам) қалада, 32%-ы (119,4 мың адам) ауылда тұрады. 

Аталған жиында Маңғыстау облысындағы этносаралық ахуал, жергілікті атқарушы органдардың жұмысы қалай жүріп жатқаны және этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі бөлімдердің қызметін күшейту және оларды тән емес функциялардан босату қажеттігі туралы мәселелер талқыланды. Ол үшін өңірлердегі этносаралық ахуалды сапалы талдауды қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірленді.

ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің басқарма басшысы Мәжитов Мақсат этносаралық қатынастар саласынан басқа, Комитет шетелдегі отандастарға қатысты диаспоралық саясатты жүзеге асыратынын атап өтті.

«Біз көпұлтты мемлекет қана емес, өзге мемлекеттерде де қмір сүретін данышпан халықпыз. Дегенмен таңдыр жолымен елден үдере көшкен халықтың сырттағы жағдайын да үнемі бақылауда ұстап отырмыз. Біздің комитет шетелдегі отандастарға қатысты диаспоралық саясатты жүзеге асырады. Ал оны іске асыру шеңберінде шетелдегі қазақ диаспоралары мен Қазақстанға оралған отандастарды қолдауға бағытталған бірқатар шаралар қамтамасыз етілді. Шетелдегі этникалық қазақтармен және отандастармен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту жалғасып жатыр», - деді ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің басқарма басшысы Мақсат Мәжитов.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтау қаласында «Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы» атты республикалық лекториум өтті. Жиынға қатысушылар Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің моделі қандай? Көпұлтты Қазақстан Республикасы оны қандай факторлармен дамытады? Осы және басқа да сұрақтардың жауабын іздеген  Қалалық Достық үйінде өткен республикалық лектория аясында ішкі саясат саласы қызметкерлері мен «Қоғамдық келісім» КММ «Этносаралық қатынастарды дамыту және орта мерзімді кезеңге арналған басымдықтарды іске асыру жөніндегі комитеттің қызметі туралы» тақырыбында семинар болды. Спикерлер ретінде ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Үйсімбаев Еркін және ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің басқарма басшысы Мәжитов Мақсат шақырылды.