Фото: ашық дереккөз
Ақтауда кәмелетке толмаған қыздың биіктен құлау дерегі бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды Ult.kz.
6 сәуір күні күндіз қаладағы тұрғын үйлердің бірінде 15 жастағы қыз биіктен құлаған. Оқиға 13-шағын ауданда болған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп, аумақ қоршауға алынды.
Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Алдын ала нұсқалардың бірі ретінде өзіне-өзі қол жұмсау дерегі де қарастырылуда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
