Фото: gov.kz
Павлодарда мысықты ағаштан түсірмек болған ер адам биіктен құлап, көз жұмды. Қайғылы оқиға қаладағы өнеркәсіп аймағында болған, деп хабарлайды Ult.kz.
Мәліметке сәйкес, 50 жастағы тұрғын шамамен 6 метр биіктіктен құлаған. Ол ауыр жарақаттар алып, жедел түрде Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілген.
Дәрігерлер науқасты жансақтау бөліміне жатқызғанымен, алған жарақаттарының ауырлығына байланысты оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
