Фото: ҰҚК
Наурыз айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі өткізген жедел іс-шаралар барысында еліміздің бірнеше өңірінде заңсыз көші-қон, контрабанда және есірткі прекурсорларының ірі партиялары анықталды, деп хабарлайды Ult.kz.
Ақтөбе облысы шекарасында жүк автокөлігінің тіркемесінде жасырын өтуге әрекеттенген 18 шетел азаматы ұсталды. Солтүстік Қазақстанда синтетикалық есірткілерді дайындауға арналған 5100 литр прекурсор табылып, заңсыз тасымалы жолдан кесілді. Биылдан бері жалпы 9 620 литр химиялық зат («Тұз қышқылы», «Ацетон», «Фениппентан») және 1000 келі «Бромкетон-4» заңсыз тасымалдаудан аман қалды.
Қабылданған шаралар есірткі зертханаларының жойылуына және соңғы алушылардың анықталуына мүмкіндік берді.
Сонымен қатар Жамбыл облысы шекарашылары шетелге 1 миллиард теңге сомасына 160 тонна кен мен бағалы металдар концентраттарын заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті. Барлық фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.
