07 қар, 2022 сағат 11:15

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?


Синоптиктер 8-10 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Болжамға сәйкес, апта басында атмосфералық фронттар ауа райының тұрақсыз сипатын анықтайды: жауын-шашын күтіледі, қар жауады. Тек оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде, 8 қарашада шығыстың жекелеген аудандарында, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктерінде қатты жауын-шашын күтіледі.

"Түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман, көктайғақ, солтүстік жартысында жаяу бұрқасын болады деп болжанады. Республика бойынша температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді", - делінген хабарламада.