19 жел, 2022 сағат 13:04

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Сурет: qazaqstan.tv

Синоптиктер 20-22 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Болжамға сәйкес, таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: қар, бұрқасын, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с, еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында – көктайғақ күтіледі.

"Суық арктикалық ауа массалары әсерінен республиканың барлық аумағында ауа температурасының төмендеуі күтіледі, солтүстік-батыс, солтүстік, орталығында 15-28 градус аяз болады", - делінген хабарламада.