13 қаң, 2023 сағат 11:25

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото: Тұрар Қазанғапов, Tengrinews.kz

Синоптиктер 14-16 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазгидромет мәліметінше, ауқымды антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне өз ықпалын тигізіп, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек республиканың солтүстік және шығыс бөліктерінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар, боран секілді ауа райының тұрақсыз сипаты болжанады.

"Елдің батысында ауа температурасы түнде 9-19 градус аяз, солтүстік-батыста 13-28 градус аяз, солтүстікте 10-23 градус аяз, орталықта 17-28 градус аяз, шығыста 18-32 градус аяз, оңтүстікте түнде ауа температурасы 15-25 градустан 13-21 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 20-38 градустан 15-26 градусқа дейін аяз болады", - делінген хабарламада.