21 қар, 2022 сағат 11:48

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?


Қазгидромет 21-23 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде барикалық түзілістердің жылдам өзгеруі мен атмосфералық процестердің шиеленісуі салдарынан Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар аралас жаңбыр жауады.

22-24 қарашада Республиканың оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), 23 қарашада шығыста қалың қар жауады.

"Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ, тұман болады. Солтүстікте, шығыста және орталықта - қарлы боран болып, түнде ауа температурасы 17-28 градусқа дейін төмендейді", - делінген хабарламада.