21 жел, 2022 сағат 11:04

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Фото: kyiv.novyny.live

Қазгидромет синоптиктері 22-24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Болжам бойынша, алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жылу мен ылғалдың мол қоры бар атлантикалық циклон әсерінен қар жауып, боран соғады, желдің күші 15-20, екпіні секундына 23-28 метр, елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде жоғары атмосфералық қысым өрісі әсерінен ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. 

"Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы 23 желтоқсанға қараған түні 20-35 градусқа дейін төмендейді, ал 24 желтоқсанға қараған түні 5-20 аязға дейін көтеріледі", - делінген хабарламада.