11 мам, 2022 сағат 11:15

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы


"Қазгидромет" 12, 13 және 14 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Батыс циклонының екпінімен және атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республика аумағының басым бөлігінде алдағы үш күнде жауын-шашын болады.

14 мамырда батыста, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, солтүстікте және орталықта жаңбыр жауады. Кей өңірлерде қатты жаңбырдың арты бұршаққа ұласып, жел күшейеді. Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл болады", - делінген хабарламада.