18 мау, 2025 сағат 09:04

Әлемде тұрмысқа ең қолайлы қала Копенгаген деп танылды

Фото: ашық дереккөз

Ал ең қолайсыз қала — Дамаск, деп хабарлайды The Economist жариялаған рейтинг.

Қалалар 5 негізгі көрсеткіш бойынша бағаланған: денсаулық сақтау, мәдениет пен қоршаған орта, білім беру, инфрақұрылым және тұрақтылық. Басылымның жазуынша, "алғашқы төрт көрсеткіш бойынша бағалар көбіне өзгеріссіз қалған немесе жақсарған, бірақ бұл жақсартулар тұрақтылықтың төмендеуімен өтеліп кетті".

Мысалы, соңғы 2 жыл қатарынан көш бастаған Вена биыл бірінші орынды жоғалтты, себебі Тейлор Свифттің концерті мен теміржол вокзалында екі терактінің алдын алу оқиғалары тұрақтылық көрсеткішін төмендеткен.

The Economist атап өткендей, шағын қалалар көбіне жақсы нәтиже көрсетеді, ал үздік жиырмалықтың ішінде 6 миллионнан астам тұрғыны бар небәрі үш қала ғана бар. Ал Лондон мен Нью-Йорк тиісінше 54-ші және 69-орынға жайғасқан — оған қылмыс деңгейінің жоғары болуы және теракт қаупі себеп болған.