12 нау, 2024 сағат 16:46

Әлемдегі ең үздік қалалардың рейтингі жарияланды



Resonance компаниясының сарапшылары әлемдегі ең үздік қалалардың жаңартылған рейтингін жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Tengritravel.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Resonance мәліметтері бойынша 2024 жылы Лондон қаласы көшбасшы атана отырып, осымен қатарынан 9-рет бірінші орынды иеленіп келеді.

Рейтинг статистикалық көрсеткіштерге, сонымен қатар жергілікті тұрғындар мен туристердің бағалауы негізінде қалыптасты. Бағалау барысында қаладағы қауіпсіздік, логистика, қолжетімділік, білім деңгейі, мәдени өмірі және т.б. критерийлер ескерілді.

Әлемдегі ең үздік ТОП-10 қаланың тізімі келесідей:

1. Лондон, Ұлыбритания;

2. Париж, Франция;

3. Нью-Йорк, АҚШ;

4. Токио, Жапония;

5. Сингапур;

6. Дубай, БАӘ;

7. Сан-Франциско, АҚШ;

8. Барселона, Испания;

9. Амстердам, Нидерланды;

10. Сеул, Оңтүстік Корея.

Оттава, Кельн, Шарлотт, Калгари, Нагоя, Дюссельдорф, Ханой, Гетеборг, Саппоро, Бильбао және Балтимор сынды қалалар ТОП-100 рейтингіне кірді.