20 нау, 2026 сағат 10:47

Әлеуметтік желімен қорқытып, 5 млн теңге бопсалаған күдікті Таразда қолға түсті


Фото: polisia.kz


Таразда жергілікті тұрғыннан 5 миллион теңге бопсалады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Ult.kz.


Жәбірленушінің айтуынша, күдікті оның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді әлеуметтік желілерде тарататынын айтып қорқытқан. Осы ақпаратты жарияламау үшін ол 5 миллион теңге талап еткен.


Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері жедел түрде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

Жедел іс-шаралар барысында күдікті арызданушыға қысым көрсетуді тоқтату және әлеуметтік желілерде бұрын жарияланған жағымсыз пікірлерді өшіру үшін берілген ақшаны алу сәтінде, яғни қылмыс үстінде ұсталды.