19 нау, 2026 сағат 16:15

Алматыда 800 млн теңгеден астам бюджет қаржысының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді

Фото: ашық дереккөз

Алматы қаласының прокуратурасы 800 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол бермеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Қадағалау барысында Алматы қаласының прокуратурасы жергілікті атқарушы органның 0,5006 гектар жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешім қабылдаған кезде заң талаптарын бұзғанын анықтаған.

Анықталғандай, Алматы қаласының Бас жоспарына сәйкес аталған аумақта жалпы пайдаланудағы нысандарды салу қарастырылмаған. Соған қарамастан, әкімдік заң талаптарына қайшы келетін шешім қабылдап, жерді мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімін бастаған.

Бағалау нәтижесі бойынша, жер учаскесінің құны 800 млн теңгеден асқан.

Прокуратураның наразылығы негізінде әкімдіктің заңсыз қаулысы күшін жойды. Нәтижесінде, бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.