Қазақстандық Allur автомобиль компаниясы мен «Қазпошта» АҚ көлік қызметтері және логистика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту туралы Меморандумға қол қойды. Құжатқа Allur Директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев пен «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Бекежан Жакеев қол қойды.
Келісім тасымал тиімділігін арттыруға, көлік инфрақұрылымын дамытуға және автокөлікті басқарудың заманауи технологияларын енгізуге бағытталған. Өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары ретінде пошта және логистикалық қызмет қажеттіліктері үшін автокөлік құралдарын жеткізу, сондай-ақ автопаркті басқарудың озық шешімдерін енгізу айқындалды. Меморандумға қол қою тараптардың стратегиялық серіктестігін бекітеді және Қазақстанның заманауи, тиімді әрі технологиялық көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытуды көздейді.
«Қазпошта» АҚ автопаркті жаңарту бағдарламасын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді, оның ішінде Қостанай қаласындағы Allur зауытында шығарылған автомобильдерді сатып алу арқылы дамытуда.