14 мау, 2021 сағат 22:04

Алматы әкімдігі шағын және орта бизнесті қолдау шараларымен таныстырды


Алматыдағы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн баспасөз-конференциясында Шағын және орта қолдау мен қала тұрғындарын жұмыспен қамту шараларымен таныстырды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат». 

Конференцияға қатысқан алматылықтар қалада ашылған жұмыс орындары туралы сұрады. Қала әкімінің орынбасарының айтуынша, осы жылдың 1 маусымына Алматыда 31 мың жұмыс орны ашылған. Қала басшылығының бұл сөзін алматылық Айдана Азаматқызы да растап отыр. Ол осы ашылған жұмыс орындарының біріне ие болған тұрғын болып тіркелген.

«Мен бос жұмыс орындарына үнемі жазылып, әкімдіктің шараларын үнемі бақылап отырамын. Жақында ғана бос жұмыс орындарының біріне ие болып, қуанышым еселеніп отыр. Ең бастысы, мен сияқты қарапайым тұрғынның осы бағдарламалар арқылы жұмысқа қол жеткіе алатынына көз жеткіздім. Және қала тұрғындарына да осы жолды ұсынамын», - деді алматылық тұрғын Айдана. 

Басшылықтың айтуынша, сәйкесінше, қала бойынша орташа айлық жалақы республикалық деңгейден 16,3%-ға жоғары және жыл сайын өсуде. Мәселен, өткен жылы 74 мыңнан астам кәсіпкер салықтық жеңілдіктерге ие болды. Зардап шеккен салалардың 3 мың қарыз алушыларының несиелері кейінге қалдырылды, 300-ден астам кәсіпкер коммуналдық меншік нысандарында жалдау ақыларын төлеуден босатылды. Арзан мөлшерлеме бойынша кәсіпкерлердің 1 мыңнан астам жобалары қаржыландырылыпты.

"Кәсіпкерлердің тиімді жұмыс істеуі үшін біз нарыққа қатысушылар арасында өзара тиімді және ұзақ мерзімді экономикалық қарым-қатынасты қалыптастыру үшін жағдай жасаймыз", - деп хабарлады Ілияс Өсеров.

Осы орайда алматылық кәсіпкер Батыл Арсланұлы биыл ШОБ жеңілдікпен несиелендіру құралдары кеңейді, бұл қала тұрғындарының жұмыспен қамтылуына оң әсерін тигізгенін айтып отыр.

«Шағын және орта бизнесті қолдау қарапайым халықты қолдау деп білемін. Мәселен, мен дәмханамның жұмысын ары қарай дамыту үшін жеңілдетілген несиеге ие болып отырмын. Сәйкесінше бұрынғыдан бірнеше қызметкер алып, бірнеше адамды жұмыспен қамти аламын. Расында, несиені жеңілдік шарттармен қайта қаржыландыру, сондай-ақ несиелер бойынша мерзімін ұзарту мүмкіндігі беріліп отыр», - дейді кәсіпкер.

Қолдау бағдарламаларының арқасында шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс жасайтын субъектілерінің саны шамамен 1%-ға өсті. Мәселен, Алматы банктері 3 трлн теңгеден астам несие берді. Оның ішінде 643,9 млрд теңгені шағын кәсіпкерлік үшін несиелер құрады. Жалпы, жыл басынан бері шағын бизнесті несиелеу 2,6 есе өсті.

«Жоғары табысты жұмыс орындарын құру үшін біз экономикада құрылымдық маневр жасауға кірістік. Бұл құрылымдық маневр басым салаларды дамыту көрініс тапқан Алматы-2050 Стратегиясында қарастырылған. Туризм, цифрландыру, креативті экономика салалары дамудың басты салалары болып белгіленді», - деп атап өтті Ілияс Өсеров.

Айта кетейік, шағын және орта кәсіпкерлік еліміздегі жұмыссыздықты азайтудың негізгі нысаны. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарлама жүзеге асқалы бері, елді- мекен тұрғындарының табысы 6% артты. Кедейшілік деңгейі 5,9% дан 3,8%- ға қысқарды. Мемлекет тарапынан қаржы-несиелік және инвестициялық климат жасалып, шағын және орта кәсіпкерлікке қаржы-несиелік және инвестициялық тұрғыдан қолдау жүргізілуде. Шағын және орта кәсіпкерлікті жетілдіру жолында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры қызмет атқарып жатыр. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың негізгі жолы болып кәсіпкерліктің әртүрлі қырларын кеңінен қарастыру ғана емес, инновациялық тәсілдерді, дәстүрлі емес және озық технологияларды қолдану, ең жаңа өнімдер мен қызметтерді пайдалану да табылады. Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн баспасөз-конференциясында Шағын және орта қолдау мен қала тұрғындарын жұмыспен қамту шараларымен таныстырды. Мәселен, өткен жылы 74 мыңнан астам кәсіпкер салықтық жеңілдіктерге ие болды. Зардап шеккен салалардың 3 мың қарыз алушыларының несиелері кейінге қалдырылды, 300-ден астам кәсіпкер коммуналдық меншік нысандарында жалдау ақыларын төлеуден босатылды. Арзан мөлшерлеме бойынша кәсіпкерлердің 1 мыңнан астам жобалары қаржыландырылыпты.