19 сәу, 2024 сағат 16:47

Алматы облысында полицей қаруланған отбасылық агрессорды ұстады


Фото: Polisia.kz.


Алматы облысында полиция қызметкері қарулы отбасылық агрессорды ұстады, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 

17 сәуірде Алматы облысының елді мекендерінің бірінде шақырту бойынша келген учаскелік полиция инспекторына жергілікті тұрғын қарудан оқ атқан. Салдарынан тәртіп сақшысы жарақат алды. Жараланғанына қарамастан полицей ер адамды құрықтады. Ұсталған адам мас күйде болған. 


Күдіктінің іс-әрекетінде құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғуды көздейтін қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар деп танылды. Қазір осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.