19 нау, 2026 сағат 13:51

Құны 3 млн теңге: Шымкенттегі заңсыз вейп схемасы тоқтатылды


Фото: polisia.kz


Шымкентте полиция қызметкерлері вейп өнімдерін заңсыз сатумен айналысқан ер адамның әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Ult.kz.


Профилактикалық іс-шара барысында күдіктінің мессенджерлер арқылы тауарын жарнамалап, сатқаны анықталды. Онлайн жарнама оған тұтынушыларды тартуға және өнімді кеңінен таратуға мүмкіндік берген.


Тексеру барысында ер адамнан жалпы құны 3 миллион теңгеден асатын 332 электрондық тұтыну жүйесі тәркіленді.

Полиция құқық қорғау органдары электрондық тұтыну жүйелерінің заңсыз айналымын және сатылуын қатаң бақылауда ұстайтынын ескертеді.