Фото: Polisia.kz
Алматы қаласының Алатау ауданында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде интернет-дүкеннің бір тармағының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Ult.kz.
Онда 20 жастағы жасырын жеткізуші жұмыс істеген.
Жеке тінту барысында наркокурьерден 127 орам мефедрон және таратуға дайындалған 2 мың “экстази” таблеткасы, сондай-ақ тұрғылықты жерінен шамамен 1 келі синтетикалық есірткі тәркіленді.
Жалпы салмағы 2,5 келіні құрады, бұл тұтынушыға жетпеген 6 мың бір реттік дозаға тең. Төлем криптовалюта арқылы алынған.
