20 нау, 2024 сағат 11:08

Алматыда Наурыз мейрамын тойлауға байланысты қоғамдық көлік бағыты өзгереді

Фото: Алматы қаласы әкімдігі


Алматыда Наурыз мейрамын тойлауға байланысты кейбір бағыттардың қозғалыс сызбасы өзгертіледі, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».


"Алматыда Наурыз мейрамының ауқымды түрде тойлау жоспарланған. Негізгі іс-шаралар Астана алаңында 21 және 22 наурызда өтеді. Сонымен қатар, 21 наурызда қала көшелерінде "Көш. Наурыз-думан" мерекелік керуен жүріп өтеді", - делінген қалалық әкімдіктің хабарламасында.


Алаңның және бірқатар көшенің жабылуына байланысты қоғамдық көлік маршруттарының қозғалысына өзгерістер енгізілді. Маршрут кестесімен мына жерден таныса аласыздар.