30 қар, 2023 сағат 19:45

Алматыдағы өртенген хостелде 12 студент тұрған

Фото: © Sputnik/Ертай Сарбасов

Өрт шыққан хостелдегі 72 адамның 12-сі студент болған. Бұл туралы Алматы қаласы жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Азиз Қажданбек айтты, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бұл хостелде жалпы 72 адам тұрған, оның 12-сі - жоғарғы оқу орындарының студенті. Олар - Қазақ Ұлттық университеті, Қазақ ұлттық медицина университеті, Cпорт және туризм академиясы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Алматы энергетика университеті және Каспий университетінің студенттері", - деді Азиз Қажданбек.

Ал Алмалы ауданы әкімінің айтуынша, қазір зардап шеккендер баспанамен, тамақпен, киіммен қамтамасыз етілген.

"Қазіргі уаықтта 50 адам 7 күнге дейін жатақханада орналастырды. Барлық шығынды әкімдік төлейді. Ал хостелге төлеген ақшасы қайтарыла ма, жоқ па білмейміз" - деді Алмалы ауданының әкімі Айдар Жақыбаев.