14 ақп, 2024 сағат 16:16

Алматыдағы университетте қыздардың «пәктігі» туралы жеке мәліметтер тарап кеткен



Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде студент қыздардың жеке деректірінің тарап кетуі оқиғасына байланысты пікір білдірді деп хабарлайды «Ұлт Ақпарат».

«Жеке деректерді, әсіресе медициналық сипаттағы деректерді беру, әрине - заңды бұзу. Біз бұл мәселені бақылауға алдық. Өйткені бұл жерде тікелей заңбұзушылық бар. Кінәлілер қолданыстағы заңнама бойынша жазаланады. Жеке деректерді қорғау туралы заң бар. Бұл жеке деректерге немқұрайлы қарау. Бұл мәселені қатаң реттеу керек», - деді министр.


Айта кетейік, бұған дейін WhatsApp желісіндегі 190 адамнан тұратын топқа студент қыздардың тізімі бар 4 құжат жіберілгені туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Онда флюрографиядан өтуі керек студенттер көрсетілгені және қыздардың ЖСН, телефон номерлері мен бірге гинекологиялық тұрғыда мәліметтері көрсетілгені айтылған.