13 ақп, 2024 сағат 08:25

Алматының мешіттерінде ұрлық жасаған ер адам ұсталды


Фото: gov.kz


Алматытылық полицейлер Алмалы ауданында орналасқан мешіттерде ұрлықтың төрт дерегін ашты, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Kazinformға сілтеме жасап.


Мешіттерде ұрлық жасаған деген күдікпен Алматы облысының 40 жастағы тұрғыны ұсталды.


«Ұрлық жасау кезінде Б.есімді азамат бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Зардап шеккендердің бірінің айтуынша, намаз кезінде белгісіз біреу оның жеке мүлкін ұрлап, 200 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Қаскөйдің осыған ұқсас 4 ұрлыққа қатысы бары белгілі болды. Аталған деректер бір өндіріске біріктіріліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған адам өз кінәсін мойындады», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінің бастығы Батұржан Әбдімасаров.



Қазақстан ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.


«ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.