03 қаз, 2022 сағат 15:06

Әнші Әміре бір кештен тапқан ақшасына Астанадан пәтер сатып алған - видео


Отандық әнші Әміре өзіне "Голос" жобасының пайдасы тигенін айтты. "Түнгі студия" бағдарламасына келген өнер иесі аталмыш жобадан кейін танымалдығы артып, бір кештен тапқан ақшасына Астанадан пәтер сатып алғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Әнші қатысқан "Голос" шоуының гранд-финалы былтырғы жылдың 30 желтоқсанында Мәскеуде өтті. Тікелей эфирде түсірілетіндіктен, Әміре жаңа жылдық бірнеше тапсырыстардан бас тартады.

"Үш күн қалды, қарбалас дайындалып жатырмын. Қазақстандағы барлық іс-шараларымнан бас тарттым. Сонда көкейімде "ақша табатын едім ғой" деген өкініш тұрды. 30-ы күні финалға қатыссам, 31-і күні жаңа жылды отбасыммен қарсы аламын деп ойладым", - дейді ол.

Ал жаңа жылға екі күн қалғанда әлдебіреулер хабарласып, оны ірі мерекелік кешке шақырған.

"31-і күні жаңа жылдық корпоратив болады" деді. "Жақсы, жұмыс істеймін" деп келістім. Негізі сол "Голостың" арқасында үлкен жоба түсті. 31-күні чартерлік рейс арқылы мені алып кетті. Қай қалаға екенін айтпай-ақ қояйын. Әркім өзінің атына жұмыс істеуі керек және ол міндетті түрде өзін ақтайды дегім келеді. Қысқасы, он күндік жіберіп алған кештердің ақысын бір күнде тауып алдым. Сол ақшаға Астанадан пәтер алдым", - деді ағынан жарылған Әміре.  

Алайда әнші аталмыш ірі жобаға кімдерден шақырту алғанын және корпоротивтің қай қалада болғанын ашып айтпады.