Фото: ашық дереккөз
Әйгілі испан әншісі Энрике Иглесиас 3 қыркүйекте Астанадағы Астана Аренада, 5 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында өнер көрсететін болды. Бұл туралы әнші әлеуметтік желілердегі парақшаларында хабарлады.
Билет сатылымы Freedom SuperApp пайдаланушылары үшін 7 наурыз күні сағат 12.00-де басталады. Билет бағасы 45 мың теңгеден басталады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда Женнифер Лопес пен Backstreet Boys концерттері өткен еді.
