16 қаң, 2023 сағат 12:19

Өктем Алтаевқа ұлы Lexus LX 570 көлігін сыйлады - видео

Фото: instagram.com/clvdeex

Танымал әнші Өктем Алтаевтың ұлы, виолончельші Бағжан Октябрь әкесіне Lexus LX570 көлігін сыйлады.

Бұл туралы Бағжан Октябрьдің өзі Instagram-парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы.

"Әкеме көлік сыйладым. Бала Бағжанның үлкен армандарының бірі әкеме көлік сыйлау еді. Құдайға шүкір, осы күнге жеттік. Әдетте отбасымды көрсете бермеймін, бірақ бұл сәтті сіздермен бөліспеске болмады. Мені шабыттандырып, әрдайым қолдайтын сіздерге рақмет!", - деп жазды Бағжан Октябрь. 

Өнер иесін танымал қазақстандықтар да қолдаған.

"Ең қиын кездерде ата-аналарымыз біз үшін барын берді, бәрін жасады. Енді баланың қызығын көру, еңбектің жемісін көру деген осы шығар. Бағжан, жарайсың! Ата-анаң аман болсын! Қуанта бер", - дейді әнші Ақерке Бүркітбай. 

"Жігітсің! Ата-анаң аман болсын!", - дейді әнші Нұрболат Абдуллин. 

"Атым озса сенің дұғаң, әке, Бағым жанса сенің арқаң, ана... "Саналы ұрпағымен мақтанар ата-ана көп болсыншы. Бағжан, жарайсыз",  - деп жазды журналист, диктор Майра Төлепберген. 

Айта кетейік, ашық дереккөздердің мәліметінше, Lexus LX570 маркалы көлігі 67 миллион теңгеден басталады.