29 сәу, 2024 сағат 15:57

Әпкесі мен інісі Солтүстік Қазақстан облысында өз-өзіне қол жұмсады


Полиция өз-өзіне қол жұмсау туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғады.

Nayzakokshe мәліметінше, қайғылы оқиға 28 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында болған.

Бірінші болып 22 жастағы қыз сарайда асылып өлген. Оның бір жарым жасар баласы қалды. Інісі әпкесінің қайтыс болғанын біліп, орманға қашып кеткен. Кейінірек ол сол жерде дарға асылған күйі табылды.
Әпкесі мен інісі атасы мен әжесімен бірге тұрған.

"Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде", - деп түсіндірді СҚО ПД.