11 сәу, 2026 сағат 11:30

«Артемида II» миссиясы: Айға ұшқан экипаж Сан-Диего жағалауы маңында суға қонды

Фото: Nasa

NASA ресми сайтының хабарлауынша, бүгін, яғни 11 сәуір күні «Орион» ғарыш кемесінің экипажы отырған капсула АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Диего жағалауына жақын Тынық мұхитына қонған. Оларды сол жерде АҚШ Әскери-теңіз күштерінің USS John P. десанттық кемесі күтіп алған.

Экипаждың Айға бағытталған сапары 1 сәуір күні басталды. 10 күнге созылған миссия барысында NASA ғарышкерлері Рид Уайсмен, Виктор Гловер және Кристина Кук, сондай-ақ Канаданың ғарыш агенттігінің ғарышкері Джереми Хансен Айға жетіп, жерден ең алыс қашықтыққа ұшу бойынша рекорд орнатқан. Сондай-ақ бірқатар ғылыми тәжірибелер жүргізіп, аман-есен Жерге оралған. 

Бұл - Айға бағытталған 54 жылдан кейінгі сәтті аяқталған миссия. Бұған дейін 1972 жылы Apollo 17 Moon landing миссиясы жүзеге асырылған.

«Артемида-2» миссиясы АҚШ-тың басты ай бағдарламасындағы шешуші қадамы болып отыр. Мұндағы басты мақсат – бағдарлама негізінде 2028 жылы «Артемида-4» миссиясын жүзеге асыру арқылы Ай бетіне алғаш рет адам қондыру.