01 мау, 2021 сағат 19:57

Ashyq жобасына қосылған нысандарды ынталандыру жоспарлануда


Бүгін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда Ashyq жобасына қосылған нысандарды ынталандырылатынын айтты. Бұл үшін Денсаулық сақтау министрлігі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірге жоба лидерлерін ынталандыру критерийлерін әзірлеген, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат». 

Министрдің айтуынша, бұл әдіс елорда мен республикалық маңызы бар қалалардың ерекшеліктерін ескереді.

"Жобаның оң тиімділігін ескеріп, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірге жоба лидерлерін ынталандыру критерийлері әзірленді. Көшбасшылар қызмет түріне байланысты екі апта бойы нысандағы тіркелу саны бойынша анықталады. Бұл әдіс елорда мен республикалық маңызы бар қалалардың ерекшеліктерін ескереді", - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой

«Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов Алматы сияқты кәсіптің қаласына айналған ірі қалада бұл жоба өз тиімділігін көрсетпек. Оның айтуынша, елдің қазіргі жағдайында ешқандай әрекетке тәуекел етуге болмайды.

«Өздеріңізге белгілі, соңғы екі жыл кәсіп саласына да оңай тиген жоқ. Сонда да жоқтан бар жасауға, елдегі шағын және орта бизнестің ақсап қамауына барынша жағдай жасауға тырысып бақтық. Ал Денсаулық сақтау министрлігі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірге әз»рлеген. жоба лидерлерін ынталандыру критерийлері екі апта бойы нысандағы тіркелу саны бойынша анықталады», - деді «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов. 

Естеріңізге сала кетейік, елдегі коронавирстық жағдайға байланысты Ashyq eGov mobile қосымшасында қолжетімді болды. Әсіресе, кәсіп саласында міндеттеліп жатқан бұл бағдарлама QR-кодты сканерлеу арқылы да қызмет етіп жатыр. 

Бұған дейін ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы, Қарағанды және Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы облыстары, кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізу бойынша пилотты өткізу туралы» қаулысы шеңберінде «Ashyq» пилоттық жобасын іске асыру басталғанын хабарлаған болатынбыз.

Бұл жоба кәсіпкерлік нысандарын: фитнес-клубтарды, спа-орталықтарды, сауналарды, бассейндерді, компьютерлік клубтар мен боулинг-клубтарды толық жабудың баламасы ретінде және олардың жұмыстарына шектеулерді ішінара алып тастау үшін  іске қосылды. Осылайша, Бизнес субъектісі - жобаға қатысушы қабылданып жатқан санитариялық шараларға қосымша бақылауды қамтамасыз етеді. Жобаның тағы бір артықшылығы-келушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өйткені барлық азаматтар қоғамдық орындарда өзін-өзі оқшаулау режимін сақтамайды және осылайша вирустың таралу қаупін тудырады.

Сонымен қатар, министр лидер мәртебесін алған қатысушылар жұмыс уақыты мен шарттары бойынша қосымша жеңілдіктерге ие болатынын атап өтті.

«Ashyq жобасына туристік сала нысандары, білім орталықтарын, балалар сауықтыру ұйымдарын енгізу мәселесі пысықталып жатыр. Бүгінде Ashyq жобасына қатысушылар саны 8 мыңнан асады. Соңғы екі аптада мобильді қосымшаны пайдаланушылар саны 1,4 миллионнан 2 миллионға дейін өсті», - деді министр. 

Естеріңізге сала кетейік, Бүгін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда Ashyq жобасына қосылған нысандарды ынталандырылатынын айтты. Бұл үшін Денсаулық сақтау министрлігі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірге жоба лидерлерін ынталандыру критерийлерін әзірлеген. Министрдің айтуынша, бұл әдіс елорда мен республикалық маңызы бар қалалардың ерекшеліктерін ескереді.