30 мау, 2022 сағат 16:42

Астана күні мен Тұңғыш Президент мерекесі қайта қаралуы мүмкін - сенатор


Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова Астана күні мен Тұңғыш Президент күніне қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін тілшілер депутатқа "Астана күнін өзгерту қажет пе" деген сұрақ қойды. 

«Қандай жағдай болса да, бізге Астана күні қажет. Неге қайта қарамасқа деп ойлаймын. Мүмкін, Елорда күнін қайта қарап, қандай да бір тарихи даталарға тікелей байланыстыру болашақтың ісі шығар», - деді Ақмарал Әлназарова. 

Сондай-ақ журналистер 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге қатысты да ойын сұрады.

«Біз еліміздің демократиялық даму жолын таңдадық, осы жолда жүруіміз керек (...) Бұл мәселе шешілетін болады (1 желтоқсанды мерекелеу – ред.), бәлкім мереке қайта форматталуы мүмкін», - деді сенатор.