18 жел, 2016 сағат 20:35

Астанада еліміздегі бас шыршаның шырағын жағу рәсімі өтті

Астанада еліміздегі бас шыршаның шырағын жағу рәсімі өтті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. Мерекелік шырша "Хан-Шатыр" ойын-сауық орталығындағы мұз қалашығында орнатылды.

Жаңажылдық шыршаны Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев жақты.

 

 

© Тұрар Қазанғапов

Осылайша еліміздегі бас шыршаны жағуға арналған мерекелік бағдарламада қала қонақтары безендірілген шыршаны тамашалай алды.

Сондай-ақ, бүгін еліміздегі ең үлкен мұз қалашығының ашылу рәсімі өтті.


© Тұрар Қазанғапов

Қала басшысы Әсет Исекешев бұл іс-шараның дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп тұратынын айта отырып, Facebook желісіндегі парақшасы арқылы қала қонақтары мен тұрғындарын бас шыршаның шырағын жағу рәсіміне шақырды.