31 нау, 2026 сағат 16:15

Астанада Роза Бағланова атындағы халықаралық вокалдық конкурсы өтеді

Фото: Ortcom.kz

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы жыл сайынғы Роза Бағланова атындағы халықаралық вокалдық конкурсын өткізеді. 

Ауқымды мәдени шара Қазақстанның және КСРО-ның Халық әртісі, Халық ҚаҺарманы, аты аңызға айналған әнші Роза Бағланованың шығармашылығына арналып отыр.

Іс-шараның мақсаты – Роза Бағланованың шығармашылығын насихаттау, ұлттық және әлемдік мәдениет пен өнердің үздік дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғырту, қатысушылардың кәсіби шеберлігін арттыру және ынталандыру. Сондай-ақ, қатысушыларға Роза Бағланова репертуарындағы әндерді сапалы орындау талабы қойылады. 

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 23 ақпан мен 8 сәуір аралығында қабылданады. Аталған конкурс 2 кезеңнен тұрады:

  • 1. I кезең (іріктеу) – 8 сәуірден 17 сәуірге дейін онлайн форматта
  • 2. II кезең – 13 мамыр күні офлайн форматта
  • 3. Жеңімпаздар мен диплом иелерін марапаттау рәсімі және Гала-концерт – 14 мамыр күні өтеді. 

Конкурсқа 18 бен 35 жас аралығындағы эстрада жанрының вокалистері, республикалық және халықаралық байқаулардың, телевокал байқауларының қатысушылары, Қазақстан Республикасы мен алыс және жақын шетелдердің мәдениет және өнер саласындағы жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады.