18 ақп, 2024 сағат 13:46

Астрофизика ғылымы қазаққа ежелден қызмет еткен


Фото: nauka.kz


Астрофизика дегенде көз алдыңызға не елестейді? Жалпақ тілмен айтқанда аспаннан мәлімет алатын ғылым, иә. Осы орайда Ult.kz порталы «В.Г.Фесенков атындағы Астрофизика институты еліміздегі жалғыз институт немен айналысады?», «Астробиологияның негізі Қазақстанда қаланған ба?», «Обсерваториялар неге биікте орналасады?» деген сұрақтарға жауап іздеп көрді. Ал жауапты аталған институттың ғылыми қызметкері Лаура Ембергенқызымен сұхбат барысында біле алдық.

 

Жалпы біз астрономия деген ғылымды білеміз де, астрофизиканы көпшілік біле бермейді. Астрономия мен астрофизиканың айырмашылығы неде?


Ең бастапқыда, осы ғылым дамыған кезде бастапқы атауы астрономия болды. Астрономия дегеніміз бізде баяғы заманнан келе жатқан ғылым. Оны баяғыдан оқып, үйреніп, зерттеп келе жатыр адамдар. Ол кездерде технология болған жоқ. Қазіргі біз қолданатын формула, ештеңе болған жоқ.  Сол кезде адамдар тек қана аспанға қарап, жұлдыздарға қарап,  жұлдыздардан бірін-бірі қосып шоқжұлдыз құраған. Күндер өткен сайын бірінші жұлдыздарды зерттеп, сосын шоқ жұлдыздарды аспанға қарап зерттеген. Бізде осы зерттеулермен байланысты, аспандағы дене объектілерді зерттеп, қарап жұмыс істейміз. Астрофизика дегеніміз ол  астрономиядан шыққан бір бөлігі деп айтуға болады. Астрофизикада астрономия мен физика байланысқан, формулалар, заңдар. Соларды фундаментке алып, осы аспан денелерін зерттей бастаған. Мысалы, Күн неге жанып тұрады? Күн неге жұлдыз болып саналады? Жұлдыздар қалай жанады? Астрофизика соның бәрін зерттейді.

Яғни астрофизика астрономияның бір бөлігі деп айтуға болады.  Физикалық заңдарды қолдана отырып, зерттейтін сала.  Неге  аспан денелері жанады? Олардың эволюциясы қалай болады? Олар қалай пайда болған? Соның бәрі осы астрофизика қамтиды деп айтуға болады.

Қазақстанда бұдан басқа астрофизика институттары бар ма? Және осы институтқа есімі берілген  Фесенков деген ғалым жөнінде айтып беріңізші.  

Бізде осы Қазақстан бойынша тек қана бір институт, басқа қалаларда 1941 жылы бізге негізінде осы Алматыға экспедиция жоспарланған. Экспедиция бұл күннің тұтылуын қарау үшін ұйымдастырылған. Бұған 1939  жылдан бастап ғалымдар осы Кеңес одағы мемлекеттерінен жиналып, жоспарлаған. Күннің тұтылуы деген болады, күн тұтылу болғанда Күнді Ай жабады. Ай жапқан кезде біз Күннің айналасында бастапқы қабат дейміз ғой. Атмосфераның бөлігін көреміз. Күн тұтылу деген астрономияның ішінде ең маңызды, өйткені жай күндерде күндегі фотосфера деген бөлігінен жарық келеді. Сол жарықты тоқсан пайыз басқа бөліктері бар. Хромосфера, корона деген бөліктерінен келген жарықты біз көре алмаймыз.

Осы хромосфераға өткен кезде жұтылып кетеді дейді. Ауаға емес, күннің атмосферасында жұтылады. Ал Күн тұтылу кезінде біз осы екі бөлігін көреміз. Содан ғылыми мәліметтер аламыз. Сондықтан осы күннің тұтылуы астрономия үшін өте маңызды құбылыс. Осы үшін Кеңес мемлекеттерінен ғалымдар келді. Олар өздерінің құрал-жабдықтарын алып келді. Ол кзеде біздің институт болған жоқ. Бірақ сол 1941 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс басталды. Экспедицияға келген ғалымдардың ішінде Ленинград пен Мәскеуден келген ғалымдар Алматыда қалады. Олар қайта алмайды, өйткені олардың қалаларын эвакуация жасаған.  Соның ішінде біздің ғалым Фесенковтың ойына бір идея келеді. Қазақстанда физика мен астономия саласында жұмыс істейтін ғалымдарды бірге қосып, бір коллектив құрғысы келді. Сондықтан ол біздің мемлекет басшыларына хат жазады. Осындай қиын ситуацияға қарамай, мемлекет басшылары құптап, солай біздің коллектив құралған. Ал соғыс біткеннен кейін осы павильон ғимараттар салынған еді.

Ол кезде институт қалай аталған?

Ең басында институт жай ғана институт деп айтылған. 50-жылдары астрофизикалық институт деген атақ берген және 1989 жылы тек қана астрофизикалық институт Фесенковтың құрметіне аталған.

Ал ең алғашқы телескоп осы институтқа қашан алынды?

Бізде негізінде үш база бар. Соның бірі осы біз отырған институт. Телескоптар орналасқан жер бұл «Каменское плато» деп айтылады. Ал бұл жерде төрт телескоп бар.  1949 жылы телескоп арнайы тапсырыспен алынған.

Сосын Асы жайлауында телескоп бар, иә

– Иә, Асыда телескоп бар, Тянь-Шаньда 2 база бар, «Тянь-Шаньская астрономическая обсекрватория» деп аталады. Тянь-Шань және Асы-Түрген обсерваториясы. Ол жерлерде телескоп бар. Тянь-Шань обсерваториясында «Восточно-Западный союз 1000» деген телескобымыз бар.  Асы-Түргенде АЗТ -20 деген жақсы телескоп бар. Ол телескоптар тек қана ғылымдық зерттеулер үшін арналған. Және АЗТ-8 деген телескоп көптеген обьектілерді, аспан денелері зерттеледі, олардан мәлімет алынады. Күн, жұлдыз, астероид деген сияқты. Галактиканың түр-түрі болады, солардың бірінің ортасында белсенділік көрсететін ядролар болады. Ал сол телескоптан мәліметтер алынады.

Ал бұл мәліметтер қайда қолданылады?

–  Оларды біз өңдеу жүргіземіз, олар ең басында бізге шуммен, сигналмен келеді. Көптеген шумдар бар, атмосфера шумы бар, космостан келген жарықтың шумы бар, солардың бәрін алған кадрларымызды өңдейміз, оларды тазартамыз. Астрономияда 2 методика бар, фотометрия деген жаңағы, спектр методикасы бар, спектроанализ, спектрометр, спектрография, фотометрия дегеніміз, ол поток зерттейді. Мысалы аспан денелерінің жарықтығы өзгеретінін қараймыз, көптеген жылдар орталығында, немесе бірнеше жыл орталығындағы әртүрлі салаға, әртүрлі мақсатқа байланысты, зерттеледі.  Біз спектрмен объектіде қандай элементтер бар екенін қараймыз, химикалық, элементтер, мысалы, темір деген сияқты. Аспан денелерінің жарықтығы қалай өзгеретінін қараймыз. Ол жарықтың өзгеруіне не себеп болды, құрамы қандай екенін тексереміз. Оның құрамын жерде отырып қалай тексеруге болады десек, ол өте ұзақ процесс деп айтуға болады. Арнайы астрономияда бағдарламалары бар. Оның құрамын жай ғана алып тексермейміз. Ең басында кадрлар аламыз. Ол кадрлар өңдеуден өтеді. Калибралық кадрлармен қоса және одан кейін тазартқаннан кейін оны арнайы зерттеу үшін химикалық құрамында қандай элементтер барын қарау үшін специально методикаларымыз бар.

Біз телескоп, аспан денелері десе, көне замандағы Галилейді еске түсіреміз. Сол заманда ойлап табылған телескоптар бірте-бірте жетілдірілді. Ал қазіргі заманда телескоптан басқа, жаңа технологиялар шығып жатыр. Олар да астрофизикада қолданылады ма?

Иә түр-түрлі. Қазір технология дамып атыр. Жаңа айтып кеткендей толқын ұзындығы деген термин бар. Астрофизика, астрономия, астрофизика да және. Егер де біз электромагниттік диапазонды қарасақ, біз көретін жарықтық бар, оптикалық диапазон деп айтамыз. Көретін диапазон жарықтығы және біз көрмейтін диапазондар бар. Олардың толқын ұзындығы не ұзын, не  кішкентай болады. Сол себепті негізінде аспан денелерді зерттеу үшін осы барлық диапазонды қарау керек. Оптикалық диапазонда көрмеген объектінің свойстволарын басқа диапазонда көре аламыз, сондықтан  аспанға, жердің сыртына космосқа көптеген космикалық телескоп, ғарыш телескоптары жіберіледі. Қазір олар өте көп.

Рентген диапазоны деген бар. Гамма диапазоны деген бар. Осы екі диапазон жарықтығы біздің Жерге жетпейді. Сондықтан оны ғарышта аламыз деуде болады.

Ал жерсеріктер ше? Оларда астрофизикаға қатысы бар ма?

Жерсеріктердің, иә астрофизикаға қатынасы бар. Мысалы бізде лаборатория бар, жерсеріктердің соғыстылығын қарайды. Өйткені біздің қазір интернет қолданып отырғанымыз осы жер серіктерінің арқасында. Егер де олар болмаса, біз де басқа елдермен хабарласа алмаймыз. Интернет болмайды.  

Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан

Дина Имамбай